Жұма, 03.05.2024, 22:44
Қош келдіңіз Гость | RSS
Сайыс,конкурстар
Сауалнама
Сайт сізге ұнай ма?
Всего ответов: 517
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖб
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив
Кіру
Cтатистика

Онлайн: 1
Қонақтар 1
Пайдаланушылар 0

Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі Молдабай Нұрболаттың сайт-портфолиосы


Баяндамалар

Пән мен тілді біріктіріп оқыту

Мұғалім - мектептің жүрегі. Мұғалімнің басты қызметі- болашақ ұрпақты ата салт заңымен тәрбиелеу, іліммен қаруландыру, білім нәрімен сусындату. Қай ғасырда алсақ та, қай елді сөз етсек те білі м саласын басты назарға алады. Өйткені , болашақ жастардың қолында. Мектеп табалдырығын аттаған әр шәкірт ұстаз сепкен білім нәрін өмір жолында, тіршілік тоғысында,ғұмыр көшінде азық етері анық. Ұстаз -білімі келешек ұрпақтың шығар көкжиегі.Қазақстан бүгінгі таңда жаңартылған білім бағдарламалары аясында соңғы бес жылдықта заманауи білім шеңберін бағындырды.

Білім жолындағы 12 жылдыққа көшу негізінде әлемдік білім кеңістігіне ену бағдарланды. Сонымен бірге кезек күттірмейтін мәселе үш тілділіккті өрге өрлету. Мұғалімдерге талап пен артар жүк жыл сайын артуда. Мысалы мұғалімнің біліктілігін арттыру бағытында қазір біз ағылшын тілін меңгеруде көптеген қосымша білім беру ресурстарын пайдалана аламыз. Бұлар http://lingualeo.com/ru, http://ru.duolingo.com, http://study.com, http://lingust.ru, http://begin-english.ru т.б. шет тілін үйренуга арналған басқада көптеген сервистерді қолдануға болады.

Ағылшын тілін оқытуда CLIL (Content and Language Integrated Learning)- «Пән мен Тілді біріктіріп оқыту» әдісін қалай қолдану туралы өзімнің ой-пікірлеріммен бөліскім келеді. Қазіргі кезде ғылыми пәндерді ағылшын тілінде оқуға тура келетін оқушылар туралы ойлансақ , оқушыларымыз ағылшын тілін ең төменгі деңгейде меңгерген десек, бұл жағдай бәрімізді алаңдатары сөзсіз. Себебі ғылыми пәндерді кез келген тілде оқыту , ол ағылшын, немесе орыс , қазақ тілдері қайсысы да қиындықтар тудырады. Және де оқушылардың білім деңгейі ғылыми пәндерді үйрену үшін жеткіліксіз екенін байқаймыз. Оқушылар сабақ материалдарында, тілді де қатар игеру үшін не істеу қажет? Сондықтан оқушылар пәннің қажетті материалдар мазмұнын түсініп, меңгеруі үшін не қажет? Сонымен CLIL – дегеніміз не? Бұл оқытудың инновациялық әдісі, химия,физика,информатика т.б. пәндердің материалдарын, мазмұнын шет тілі арқылы үйрету болып табылады. Бұл әдіс назарды екі нәрсеге біріншісі – пәннің өзі, екіншісі – тіл. CLIL – оқыту тілін ауыстыру болып табылмайды, бұл –пән мазмұны мен тілді дамытудың бірігуі деп түсінген жөн.Мұндай кезде пәнді ағылшын тілінде беруде мұғалімнің ролі өзгеруі мүмкін. Бірақ бұл сізге ағылшын тілін , тіл грамматикасын үйрету керек дегенді білдірмейді. Алайда оқушыларыңыздың тілді үйренуіне сізде әсер ете аласыз. Анықтап айтсақ оқушыларға оқушыларға түсіну үшін жеңіл ақпарат беру арқылы қолдау негізінде іске асады. Пәніңіздің ерекшегілін, ғылыми терминологиясын түсіндіру арқылы сіңіріледі және де академиялық тілге де басымдық бере аласыздар.Сонымен қатар мұны оқушыларды ынтымақтасып оқыту , топта, жұпта, жеке жұмыс жасату арқылы үйретуге болады.CLIL тағы бір маңызды компоненті тілді үйренуді сабақтың бір мақсаты етіп қою. CLIL белсенді әдістерін қарастырайық:

  • Үнемі тікелей тапсырмалар беріп, оқушыларды сабаққа кірістіріп отыру;
  • Түрлі көрнекілітер, визуалдандыруды пайдалану ;
  • Оқушыларға қате сөйлеуден қорықпайтын жайлы орта құру,әрқашан балаларды қате жасаудан немесе мазаққа қалудан қорықпай тілді қолдануға ынталандырыңыздар;
  • Оқушылар сізді түсінбей жатса, ым ,ишара тілін пайдаланып, қанша қажет болса сонша рет қайталаңыз;

Бұл бағдарламада сабақ басында ғана өз ана тілінде сөйлеуге рұқсат етіледі. Бірақ бұл сізге әрдайым сөйлемдердің аудармасын түсіндіріп отыру дегенді білдірмейді. Сондықтан бір тілден екінші тілге аудару әдісін қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілінде мәтінді ұсынып, ағылшын тілінде талқылату немесе ағылшын тілінде бейнеролик көрсетіп, орыс немесе қазақ тілдерінде талқылау. Оқушылар мұндай кезде қазақ тілінде сөйлесе, мұғалім ағылшын тілінде сөйлеуі қажет.CLIL – келесі маңызды компоненттерінің бірі – ғылыми тілді немесе пән терминологиясын қолдану болып табылады.Мысалы информатика пәнінде “data-ақпарат, memory- жады, protocol- хаттама” т.б. Келесі бір маңызды нәрсе ол – сабақта академиялық тілді қолдану.Бұл дегеніміз әр түрлі сөз тіркестерін пайдалану, мысалы сөйлемге «түрі», «тиесілі», «құрамдас бола отырып», «нысандары», «сипаттамасы бола отырып» тіркестерін пайдаланып мысалы информатика пәні бойынша «Бағдарламалық жасақтаманың үш түрі бар» сөйлемін құрастыру.Сонымен қатар CLIL- жаттығулар мен тапсырмаларға қатысты жүйелік әдісімен ерекшеленеді. Сабақта пайдалануға арналған көптеген тапсырмалар бар:

  • бос орындарды толтыру;
  • анықтамаларды салыстыру;
  • сөйлемнің басы мен аяғын іздеу;
  • тақырыптарды мәтінмен сәйкестендіру;
  • текст пен суретті сәйкестіндіру;
  • мәтінді оқу және диаграмманы немесе картаны белгілеу;
  • сұрақтарды оқу және жауап беру;
  • бірнеше жауап таңдау сұрақтары;
  • мәтінді оқу және диаграмманы толтыру т.б.

 

Осымен бірше сізге ағылшын тілі пәні мұғалімінің көмегі ,әсіресе сабақты жоспарлау кезінде оқушыларыңыздың тілін дамытуда қажетті жаттығу, тапсырмаларды таңдап сабақ мақсатын анықтауда қажет болады. Мысалы , информатика пәнінде ағылышн тілі пәні мұғалімімен пәннін міндеттерін өзара бөлісіп алып, бірлесіп өткізуге болады.

Қорыта келгенде CLIL – мұғалімдер үшін бай дидактикалық ортаны ұсынады. Бұл әдісті көптеген елдерде Япония, Франция, Эстония, Италия,Германия т.б қолданады. Менің пайымдауымша алдағы осы ағылшын тілі бойынша біліктілік арттыру курсын тәмамдағаннан кейін , осы CLIL әдісін пайдаланып информатика пәнін оқушыларға ағылшын тілінде меңгертуге көмек бере аламын деп ойлаймын.